Мемлекет басшысы Орал қаласына барды

Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бірнеше өндіріс орнының жұмысымен танысты. Мәселен, аймақта 262 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілсе, көп жылдан бері жаңартылмаған 33 көпқабатты үй жөнделіпті.

Бұл – құрылыс қарқыны ұлғайғанының белгісі. Жүзеге асырылған жұмыстардың көлемі 84 жарым млрд теңгеге жеткен, ол былтырғымен салыстырғанда 11,6 пайызға артық. Сондай-ақ Елбасы сапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумына қатысты.

Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Қазақстан дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде осы бағытты таңдады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде жеке кәсіпкерлік дамып, бизнес ошақтары сан түрлі салаларда қызмет көрсетіп, өз аймағының өсіп өркендеуіне үлес қосып келеді.

Батыс Қазақстан облысы да бұл үрдістен кенде емес. Қазір өңірде мұнай-газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, ауыл шаруашылығынан басқа, құрылыс материалдарын шығару салалары жақсы дамып келеді. Соңғысына тоқталсақ, жуырда Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл елде бір жарым миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтқан болатын. Осыған арқау ретінде Президент отандық құрылыс материалдарын өндіруші компанияларға кәсіптерін сергітіп, үй салу науқанына белсенді атсалысуға үндеген-ді.

Түйіткілді мәселе қазір батыс өңірде оң шешімін тауып келеді. Осыдан екі жыл бұрын Оралда Қазақстанда баламасы жоқ үй құрылысы комбинаты ашылған-ды. Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр панель әзірлеп, «Қолжетімді баспана» және ескі үйлерді сүріп, орнына жаңа үйлер салу бағдарламасына қатысуда. Мұнда жетпістен астам адам жұмыспен қамтылып отыр. Елбасының батыстағы сапары осы жерден басталды. Нұрсұлтан Назарбаев өндіріспен жіті танысып, жұмысшылардың қал жағдайын сұрастырды.

Президент қазіргі қысылтаяң шақта Батыс Қазақстан облысы ел экономикасының дамуына лайықты үлес қосып отырғанын айта келе, бұл істің бәрі айналып келгенде жергілікті қауымның бірауыздылығы, түрлі ұлттар мен ұлыстардың достастығы мен бірлескен амалдары арқасында сәтті жүзеге асып отырғанын айтты. «Қаншалықты қиын болса да, қажырлы еңбек арқасында дағдарысқа тойтарыс болу мүмкін», – деді Елбасы.
Асаба (Тамада) - Эльдар Ихсанов. Орал. 87018505007
Секретные счета Назарбаева
Головкин и Кайрат Нуртас стали кандидатами в депутаты "Нур Отан"
"Алға, Қазақстан!" желілік флешмобы. Орал қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі
Визит Нурсултана Назарбаева в Актобе может быть отложен из-за нелетной погоды
Назарбаев: Женщины все годы независимости были моей самой надежной опорой
Торегали айтыс Орал
Назарбаеву ООН не указ / 1612
базарбаевтар 1 серия
Жаңа Парламент еліміздің дамуына тың серпін береді
Сайлаушылар бюллетенін есептеу басталды
Табысы төмен қазақстандықтарға жеке ісін ашу үшін мемлекеттік қолдау жасалады
© 2018 Первый канал программа — Программа первого канала, самые актуальные теле передачи смотри онлайн
Все материалы, размещенные на сайте programma1.ru, взяты из открытых источников (yandex.ru, google.com, youtube.com и прочих общедоступных ресурсов), принадлежат их владельцам и предоставляются исключительно в ознакомительных целях.