Мемлекет басшысы Жапония Парламенті алдында сөз сөйледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Күншығыс еліндегі ресми сапары жалғасуда. Мемлекет басшысы Жапония Парламенті алдында сөз сөйледі.

Бұған дейін посткеңестік мемлекеттер көшбасшыларының бірде-біреуіне мұндай құрмет көрсетілмеген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен ғасырда зобалаң көрген елдің тартқан тағдыр тауқыметіне тоқталып, Қазақ елімен тарихи ұқсастықтарын атап өтті.

Ендігі жылдан бастап қос ел Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болатынын еске салып, парламентаралық байланысты одан әрі дамыту керектігін айтты.

Монархия мен демократия бір елде көрініс табу мүмкін десе, сенбес едік.

Бірақ Жапония билігінде екі жүйе бірге көрініс тауып, астасып жатыр. Император халықтың көрінісі, елдің негізгі тұлғасы саналса, елдің тұрмысын түзеп, экономиканы дамыту Премьер-Министр мен Парламенттің құзырында.

Жоғарғы заң шығару органы екі палатадан тұрады. Кеңесшілер және өкілдер. Осы Жапонияның жауапты тұлғалары бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше ықыласпен қарсы алды.

Парламент алдында Елбасы Орталық Азия елдері ішінде бірінші болып сөз сөйледі. «Әлем елдері ішінде экономикасы үшінші орын алатын Күншығыс елімен достығымыз – көпке үлгі», – деді. Және байланысымызды одан әрі берік етіп бекіте беретінімізді жеткізді.

Жапония талай зобалаңды бастан кешті. Әсіресе 1945-ші жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы жарылыстан жарымжан болып қалғандардан бөлек, екі жүз мыңнан аса адам көз жұмды. Сондықтан бұл ел радиация кесірін жақсы біледі. Сол себепті Тәуелсіздік алған жылы Елбасының Семей полигонын жабуын ерлікке балайды.

Жапония мен Қазақстанды байланыстыратын жайт тек бұл емес. Екінші дүнежүзілік соғыс аяқталған тұста Қазақ жеріне жапон тұтқындары әкелінді. Президент олар қанша қиындық көрсе де, қазаққа еш өкпе-назы жоқ екенін айтты. Оның айқын көрінісі – Қазақстанда көзі тірі Ахико қария.

Талай қиындықты бастан кешкен екі ел алдағы уақытта атом зұлматының болмағын қалайды. Бұл тұста бірге үн қатып, тізе қосып жұмыс істейді.

Нақтырақ айтсақ, ендігі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болады. Үлкен мінбер арқылы жалпақ жұртты ядролық қарудан азат болуға шақырады.

Ел Президенті Парламентте екі елдің экономикалық байланысын ширату керек екенін айтты. Қазіргі уақытта екі ел тауар айналымы – бір жарым миллард доллар. Бірақ әлеует одан да зор.

Бұрынырақ жол шалғайлығын ойлап, екі ел де шамаға қарайтын. Қазір ондай кедергі көзге көрінбейді.

Өйткені Қазақстан Қытайдағы Ляньюньган портын жалға алды. Ол жерге Тынық мұхиты арқылы жапон жүгі жете алады. Демек, алыс-берісті ұлғайтуға мүмкіндік туды.

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері асқар асуларды бағындырды. Халықтың әлеуеті әлденіп келеді. Сыртқы байланыстар ширап жатыр.

Сол себепті біздің елде іс жасаймын дегендер жыл сайын артып келеді. Осы уақытқа дейін Жапония Қазақстанға 10 миллиард доллар инвестиция құйған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түседі.

Сәкен Сейітханұлы, тілші

-Жиын соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің Парламент аралық байланысын одан әрі дамыту керектігін айтты. 2013-ші жылы Сенат төрағасы Қайрат Мәми Жапонияның екі палатадағы депутаттарымен кездескен еді. Енді міне сол байланыс ары қарай жанданады. Сөйтіп қос ел бір емес, бірнеше сала бойынша бойынша достығын мықтайды.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков
2 Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
Қазақстан-Жапония кәсіпкерлері 1,5 млрд доллардың келісіміне қол қойды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ халқы жайлы
Жапония Қытайдан қорғану мақсатында жаңа әскери стратегия қабылдады
Жапония және Қазақстан | カザフスタンと日本
Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы: Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін сақтап қалу үшін жасалып отырған тарихи мәселе
Үкімет өткен жылды қорытындылады (жалғасы)
Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық комиссия кеңесі өтті
Қазақ тілінде сөз бастаған Нұрлан Әубәкіров машықтанбаған тілін біраз сындыруына тура келді.
Елбасы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетіне барды
Мемлекет басшысы Ташкентке барды
© 2017 Первый канал программа — Программа первого канала, самые актуальные теле передачи смотри онлайн
Все материалы, размещенные на сайте programma1.ru, взяты из открытых источников (yandex.ru, google.com, youtube.com и прочих общедоступных ресурсов), принадлежат их владельцам и предоставляются исключительно в ознакомительных целях.