Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бірқатар тағайындау болды

Елбасы Әділбек Жақсыбековті Президент әкімшілігінің басшысы етіп бекітті. Естеріңізге сала кетейік, Әділбек Жақсыбеков 2004-2008 жылдары дәл осы лауазымда қызмет атқарған болатын.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Ресейдегі елшісі, Қорғаныс министрі және Мемлекеттік хатшы қызметтерінде де болды. Ал 2014 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Астана қаласының әкімі болып қызмет етті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа басшыны ведомство құрамымен таныстыру барысында бұған дейін осы қызметті атқарған Нұрлан Нығматулинге ерен еңбегі үшін алғыс білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Президент Әкімшілігінің басшысының өзгеруіне байланысты сіздерді шақыртып отырмын. Нұрлан Зайроллаевич бүгін Парламенттің депутаты болып тағайындалды. Сондықтан оны аппарат басшысынан босаттым. Екі жылдан артық жұмыс істеген кез өте көп нәрсені қамтитын уақыт болды. Президенттік сайлау өтті, барлықтарыңыз қатынастыңдар оған жақсылап. Парламенттік сайлау да абыроймен өтті. Жақсы баға алдық дүниежүзінен, өзіміздің ішімізден. Халықтың бірауыздығын көрсетті. Ол өте үлкен ұйымдастыру мәселесі еді. Нығматулин – менің жанымда көп жылдан бері келе жатқан әріптес. Қай жерге қойсам да жұмысты орындап, нақты тапсырманы біліп, білгірлікпен жұмыс істеген адам. Рахмет жұмысыңа. Барған жеріңде табысты бол! Соған байланысты аппараттың басшысы деген – Президент үшін өте маңызды, өте сенімді қажет ететін қызмет. Соған Әділбек Рыскелдұлын қайтаруды ойладым. Біраз уақыт істеп кетті. Министр болды, елші болды, барлық жағынан өтті. Бұл жерде өте тәжірибелі, салмақты бөліп жармайтын адал қызмет істейтін адам керек. Сондықтан Жақсыбековті аппарат басшысы етіп тағайындадым. Әділбек Жақсыбеков успехов тебе желаем! Саған да көп рахмет, жолың болсын!
Как Нурсултан Назарбаев вызывал членов Правительства к микрофону
Н. Назарбаев: Министрлер дербес шешім қабылдаудан жасқанбауы керек
Президент Қазақстан Үкіметінің басшысын ауыстырды (08.09.16)
С июля 2017 года размер пенсии будет зависеть от стажа участия в пенсионной системе
Размер пенсий и пособий увеличат вдвое до 2018 года
Президент министрлер мен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды
В Казахстане с 1 января повысятся пенсии и зарплаты
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі Үндеуі
3. Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та көптеген кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Бес күн бұрын таратылған үкімет бүгін қайта жасақталды
Алматы облысының әкімі болып тағайындалған Амандық Баталов облыс жұртшылығына таныс азамат
© 2017 Первый канал программа — Программа первого канала, самые актуальные теле передачи смотри онлайн
Все материалы, размещенные на сайте programma1.ru, взяты из открытых источников (yandex.ru, google.com, youtube.com и прочих общедоступных ресурсов), принадлежат их владельцам и предоставляются исключительно в ознакомительных целях.